Қостанай облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын насихаттауға және талқылауға арналған кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы  заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын насихаттауға және талқылауға арналған кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Сот жюриі төрағасы Моряк Шегенов, Астана қалалық сотының судьясы, Сот жюриінің хатшысы Роза Жакудина, облыстық сот басшылығы мен судьялары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьялары қатысты.

Жоғарғы сот судьясы М.Шегенов: - Заң үстемдігін қамтамасыз етуде қойылған талаптар ауқымды. Ал оны жүзеге асыру үшін әр судьяның атсалысуы керек. Сондықтан алдымен әр судья өз қызметін мінсіз атқаруға ұмтылуы тиіс,- деп атап өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Шәмшиев заң үстемдігін және соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты Ұлт жоспарының тармақтарына жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар жиналысқа қатысушылар баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекетті дамытуға бағытталған  бес институттық реформаға тоқталды.

Талқылау барысында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету мақсатында сот жүйесінің сатыларын оңтайландыруды қарастыратын бес сатылы жүйеден үш деңгейлі сот төрелігіне көшуге қатысты заң үстемдігін қамтамасыз ету реформасына ерекше көңіл бөлінді.

Кеңес соңында Жоғарғы Соттың кадр резервіне кандидаттарды іріктеу бойынша судьялар пікірі тыңдалды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі