Қостанай облыстық сотында кезекті брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Тоқсан сайынғы қалыптасқан үрдіске сай сот алқаларының төрағалары А.Шәмшиев пен В.Долгих өткен жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша ақпаратпен бөлісті.

Сонымен, статистикалық мәліметтерге тоқталар болсақ, облыс соттарымен барлығы 9506 қылмыстық іс пен материал аяқталған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 7038 құраған болатын.

Медиация тәртібімен 765 іс қаралған. Қаралу мерзімі бұзылған және 6 айдан астам уақыт қарауда қалған және де есепті мерзім ішінде қаралуы тоқталыған істердің жоқ екендігі айтылды. Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Шәмшиев атап өткендей, қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жақсарған, ал заңнамадағы өзгерістерге орай қаралған істер саны артқан. Судьяға түсетін орташа ауыртпалық 4,5 істі құрайды. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау көрсеткіші  - 24,3 пайыз, жалпы республикалық көрсеткіш – 25,5 пайыз.

Азаматтық істерге тоқталар болсақ, былтырғы жылы 83 999 азаматтық іс мен материал аяқталған. Бұл 2014 жылға қарағанда 14 100 іске артық.

Бітімгершілікке келу ресімдерімен аяқталатын азаматтық істер саны бұрыңғыдан 0,2 пайызға көбейген. 771 іс бітімгершілікпен, 669 іс медиациялық келісімге келумен аяқталған.

Заңнамадағы тың өзгерістер туралы азаматтық істер бойынша алқа төрағасы В.Долгих баяндап, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енген Азаматтық процессуалдық кодекске, партисипативті келісім шарттары жайлы айтты. «Адвокаттың кәсіби шеберлігінің нышаны дауды қолдау емес келіспеушілікті тез әрі тиімді шешудің жолын ұсыну», - деді В.Долгих.

Мұнан кейін брифинг «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Заңнамалардағы өзгерістерге қатысты сауалдармен қатар БАҚ өкілдерін қоғамдық талқыға ие болған істерге қатысты мәселелер қызықтырды. Мәселен, жуырдаҰзынкөл аудандық соты сүт тапсырып кейін қарыздарын ала алмаған ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкер арасында адвокаттардың көмегімен партисипативтік келісім бекітті. Бұған дейін облыстық соттың апелляциялық сот алқасы бірінші сатылы сот шешімін жойып, 15 ауыл тұрғынының жеке кәсіпкерден ақшасын алу құқығын қорғаған болатын.

Брифинг соңында БАҚ өкілдерін «Аймақтық ақпарат құралдарында сот жұмысын туралы үздік жарияланым жасау» атты 2016 жылдың 1 желтоқсанында нәтижеленетін конкурска белсене қатысуға шақырды.  

 

 

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі