Қостанай облыстық сотында «Сот аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары В.Никифоров «Сот  аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шара Қостанай облыстық сотының кеңсе меңгерушісі, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот приставтары, «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» ММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Б.Сандыбеков баяндама жасап, қатысушыларға мәлімет үшін «Сот  аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2018 жылғы 06 сәуірдегі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы  06 сәуірдегі бірлескен бұйрығын басшылыққа алып, жұмыста қолдану керектігін ескертті.

Семинар барысында В.Никифоров соттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында бақылау-өткізу пункттерінде ұйымдастыру шарасын жақсарту қажеттілігін  атап өтті.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: