Қостанай облыстық сотының төрағасы нәзік жанды судьялар мен сот мамандарын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының акт залында Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға судьялар, сот мамандары мен Қостанай облысы сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев қазақстандық әйелдердің қазіргі қоғамдағы, оның ішінде сот жүйесіндегі маңызды рөліне тоқталды.

«Қиыншылығы мол судьялық қызметте ер азаматтармен иық тіресе  еңбек етіп, іскерлік шеберлікті танытып, абыроймен сот төрелігін жүзеге асырумен қатар бала тәрбиесіне үлгіріп, жақындарына қамқорлық жасап  отбасының берекесін келтіріп жүрген облысымызда  85 нәзік жанды судья бар. Сонымен қатар сот қызметкерлері арасында 277 әйел-маман еңбек етуде. Бұл сандық көрсеткіштер  қоғамның қай саласында да әйел адамдардың көбейгенін, яғни әйелдердің үйде де, түз де еңбекке араласқандарының айқын көрінісі»,- деп атап өтті А.Мерғалиев.

Салатанатты жиын барасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, сот төрелігін жүзеге асырудағы ұзақ жылғы адал да мінсіз қызметі және облыстың сот жүйесінің дамуына  қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен Қостанай облыстық сотының судьялары Г.Ергалиева, Б.Әбілқайырова, Г.Зинина, Қостанай қалалық сотының судьясы А.Нұрсайтова марапатталды. Сонымен қатар бас мамандар Қ.Тастембекова мен Ж.Иманбаеваға құрмет грамоталары табысталды.

Сондай-ақ А.Мерғалиев Әулиекөл аудандық сотының судьялары О.Остапчук пен А.Ахметоваға екі бөлмелі пәтер кілттерін табыстады.

Шара соңында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының шығармашылық тобы концерттік бағдарламасын ұсынды. Залда мереке пен көктемдік көңіл-күй шарықтады.   

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі