«Қостанай облысы соттар әкімшісі» РММ басшылығы кеңсе меңгерушілерімен семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Қостанай облысы соттар әкімшісі» РММ басшысы Дастан Каипов бөлім басшыларының және облыстағы жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен сот қызметінің басты бағыттары бойынша семинар өткізді.

Іс-шара барысында гибридтік электрондық поштаны, БААТЖ-ны, «Сот кабинеті» электронды сервисті соттарда барынша кеңінен қолдану мәселелері таолқыланды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан ГЭП арқылы 8 мың шығыс хат жолданған.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар облыс соттарының қызметі, «Төрелік» жүйесіндегі міндетті реквизиттерін толтыруда тіркеу дисциплинасын сақтау, ҚР Мемлекеттік қызметшісінің этика кодексінің нормаларын сақтау, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқыладуы.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Каипов мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптың қатаң екендігін ескертіп, кез келген әкімшілік құқық бұзушылықтың тәртіптік комиссиямен қаралатындығын айтты.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі