Қостанайда заңды тұлғалар арасындағы берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екі заңды тұлға арасында шарт жасалып, соған сәйкес ЖШС мердігер ретінде Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Надеждин кенішінің карьерін дегран одиориттерді 200 000 куб.м. көлемінде жарылыс жұмыстарын орындауын жүзеге асырған.

Жұмыстарды орындау бойынша төлемнің жалпы сомасы 6 миллион теңгені құраған. ЖШС тапсырыс беруші ретінде 1 миллион теңге көлемінде төлем жасаған. Алайда, мердігермен шарт бойынша міндеттемелер орындалса да қалған сомасын төлемеген. Мердігер берешекті өндіру туралы талап арызымен Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізу туралы арыз түсті.

Қарау нәтижесі бойынша сот заңды тұлғалар арасында медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша жауапкер 3 миллион  107 мың теңге көлемінде өкілдік шығындары мен негізгі шарт сомасын белгіленгін мерзімде төлеймін деген міндетін алды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: