Қостанайдың өкілдері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатыстып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Щучинск қаласында «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ елінің құқықтық жүйесі және билер сотының төрелігі» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция өтті.

Ақмола облыстық соты бас болып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының ұйымдастырумен өткен іс-шараға біздің областан Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзаке, Қостанай мемлекеттік педагогикалық нститутының профессоры Қ.Орманов, Қостанай педагогикалық институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.Исенов  қатысты. «Дәстүрлі билер инстиуты» және «Дәстүрлі билер сотының тарихы  мен бүгінгі көріністері» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында белгілі ғалымдардың, танымал тарихшылардың, заңгерлердің, филологтардың және жазушылардың 15-тен астам ғылыми баяндамалары тыңдалды. Олар Қазақ хандығындағы саяси институт, ХІХ ғасырдағы Қазақ елінің сот құрылымы және құқықтық реформасы, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты, билер сотының шешімдерінің рөлі және оны орындау ерекшеліктері, билер сотының әдет-ғұрыптары және т.б. тақырыптарды кеңінен талқылады.  

Алдағы уақытта ғалымдардың таңдаулы баяндамалары мен конференция материалдары жеке жинақ ретінде шығатын болады.