Қызды алып қашып, кейін баласынан бас тартқан...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

әстүрдің озығы бар, тозығы бар. Сол тозығы жеткен салттың бірі қыз алып қашу, өкінішке орай, әлі де кездеседі. Моңғолия елінен келген Әлібек Халил 2012 жылдың мамыр айында Жабыра Әбілбаеваны алып қашып, өз ата-анасының үйіне келін етіп түсірген.

Той ырымы жасалып, құдалық өткен соң 9 айдай жастар бірге тұрған. Алайда, отбасылық бақыт ұзаққа созылмай, 2012 жылдың қыркүйек айында Жадыра жүкті болған кезеңнен бастап, ол жұбайының қорлығы мен соққысына жиі ұшырайтын болады. Қорлыққа шыдамаған қыз 2013 жылдың ақпанында  Әлібектен қашып, Рудный қаласында тұратын анасына кеткен.

Сол жылдың мамырында туған қыз баланың әкесі екенін мойындағанымен жауапкер Ә.Халил азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып әкелігін тіркеуге өтініш жазудан бас тартады. Ал ауру болып туылған бала күтіміне анаға әке көмегі қажет. Алайда, осы күнге дейін Халил баласы үшін материалдық көмек көрсетпеген, әкелігінде жоққа шығарған.

Шарасыздықтан Жадыра  Ә.Халилге әкелігін анықтау, жас бала күтіміне алимент өндіру туралы талап арызымыен соттқа шағымдануға  мәжбүр болған.  Соттық талқылау кезінде жауапкер Ж.Әділбаевамен 2012 жылы бірнеше ай бірге тұрғанын, бірақ, жұбайы жүкті болғанына қарамастан кетіп қалғанын, баланы көрмегендіктен оның әкесі деп өзін санамайтынын, несие төлейтіндіктен алимент төлеуден бас тартатынын мәлімдеді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 48 б. сәйкес, Рудный қалалық соты жауапкердің Әлібектің Жадыраны өз үйіне жұбайы ретінде алып келіп, мұсылманша неке қиып, бірге бірнеше ай бірге тұрғандары туралы мәлімдемесін, іске тіркелген отбасылық фотосуреттерді дәлелдеме ретінде қабылдады.

Ал жауапкердің бала туғанға дейін олардың ерлі-зайыптылық қатынасының тоқтағандығы туралы сөзі әкелікті бекіту туралы шағымды қанағаттандырмауға негіз бола алмайды. 

Сот шешімімен талапкердің әкелікті бекіту және алимент өндіру туралы шағымынқанағаттандырылды.

Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциалық сот алқасы бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда