Локоматив» АҚ директоры 22 миллион теңге айыппұл төлеу жазасына тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Бүгін Қостанай қаласы № 2 соты ҚР ҚК-ның 366 бабы 2 бөл. қаралған қылмыстық істі жасады деп айыпталған 1958 жылы туған С.Мауленқұловқа қатысты сот үкімін шығарды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Мауленқұлов «Локомотив» АҚ филиалының директоры қызметін атқарып қарамағындағы жұмыскерлерден жіберген тәртіп бұзушылықтары үшін жұмыстан шығару шарасын қолданбаудың өтемі ретінде өзінің жеке басына 2000 АҚШ долларын талап еткен.

Тәртіп бұзушылық аталған жұмыскерлер басқарған ТМ-2 №6828 тепловозында жылпы мөлшері 120 литр 6 құтыдағы дизель табылуында болған.

Сот үкімімен Мауленқұлов ҚР ҚК-ның 366 бабы 2 бөл. қаралған қылмыстық істі жасауда кінәлі деп танылып, алған параның алпыс есе артық көлемінде – 22 млн. 296 мың теңге айыппұл салынды, сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты