Медиация бойынша келісімге келудің артықшылықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2018 жылдың 7 желтоқсанында судья Марияш Жамалиеваның төрағалық етуімен Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітті.

2015 жылдың маусымында серіктестік пен жеке кәсіпкердің арасында мүлікті жалға беру шарты жасалған, жер телімі  қабылдау –өткізу актісі бойынша берілген. 2018 жылдың қаңтарынан бастап арендатор материалдық міндеттемелерін жүйелі түрде орындамағандықтан шарт  мерзімінен бұрын бұзылған,алайда жер телімі талапкерге қайтарылмаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес мүлік қайтарылмаған немесе уақытында қайтарылмаған жағдайда жалға беруші мүлікті пайдаланғаны үшін төлем талап етуге құқылы.

Сонымен, серіктестік сотқа қарыз сомасын қайтару туралы арызбен жүгінді.      

Сотта тараптар келісімге келді,келісімнің талаптарына сәйкес жеке кәсіпкер белгілі уақыт аралығында қарыз сомасын қайтаруы қажет.

Медиация туралы келісім жасап тараптар тек қаржылай қаражатын үнемдеп қана қоймай, осы сот талқылауына, шешімді орындауға кететін уақыттарын да үнемдеді.

Источник: 
Қостанай облыстық Соттың Баспасөз қызметі