Мүгедек баланың қазасына анасы кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты 24 жастағы Татьяна Русолға қатысты сот үкімін шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 104 бабы 1 бөлігі бойынша (абайсызда қазаға ұшырату) айыпты деп танылды. Сотталушыға 2015 жылдың сәуір айында ұрлық жасағаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Іс материалдары бойынша, Т.Росул сал аурына шалдығып мүгедек болған 2009 жылы туған  баланың анасы. Адам атты балаға үнемі қамқорлық пен күтушілік қажет болатын. Алайда екі баласы бар Татьяна мүгедек бала күтіміне назар аудармаған, ал кіші баласы әкесімен тұрған.

Сал ауруы салдарынан Адам 6 жасқа келсе де өз еркімен тұруға, отыруға, тамақтануға икемі болмаған. Сондықтан да үнемі күтімді қажет еткен.

  Әйел жұмыс істемеген, тіркеуі болмағандықтан мүгедек балаға жәрдемақы алмаған.

2015 жылдың 31 шілдесінде бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Ол кезде алты жасар бала салмағы 8 келі болған. Куәгерлер айғағына сәйкес, баланы алып кету кезінде анасы масаң күйде болып, жанжал шығарған. Адам 2015 жылдың 14 қазанында ауруханада қаза тапқан.

Сот отырысы барысында науқас баланың жағдайы тиісті тамақтану мен күтімнің болмауы салдарынан асқынғаны анықталды.

Сот үкімімен Т.Росулға 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі