Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Д.Лесниковтың апелляциялық шағымы жуырда облыстық сотта қаралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

12 мамырда Қостанай облыстық сотында 1983 ж.т. Д.Лесников пен оның адвокатының жазаны жеңілдету, өмірлік бас бостандығынан айыруды нақты мерзімге ауыстыру  туралы шағымы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралады.  Лесников аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасауда, яғни, ҚР ҚК 175 бабы 2 бөл. «б» тар., 120 бабы 4 бөл., 121 бабы 4 бөл., 96 бабы 2 бөл. «в, и, к, н, о» тар. бойынша кінәлі деп танылып, ағымдағы жылдың 6 наурызында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ерекше тәртіптегі түзету колониясына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Қылмыстық іс материалдары бойынша,  2011 жылдан 2014 жыл аралығында  Лесников бес ұрлық жасаған, кәмілеттік жасқа толмаған баланы ұрлап, кәмілетке толмағандарға қатысты екі зорлық жасаған  және 4 кісіні өлтірген.

Облыстан тыс аумақта да қоғамда үлкен резонанс тудырған кәмілеттік жасқа толмаған бірінші сынып оқушысы Виктория Ганяны ұрлау және өлтіру ісі  де  оның еншісінде. Қыз баланы жақындары, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер іздеді. Алайда, бір айдан кейін баланың өлі денесі табылған болатын.

Толығырақ тоқталар болсақ, 2014 жылдың 24 сәуірінде мектептегі сабағы біткесін 8 жасар Викория Ганя үйінен шығып, қатарластарымен Рудный қаласының Фрунзе және Парковая көшелерінің қиылысындағы шіркеу маңындағы жыраға қарай ойнауға келеді. Өзге балалармен ойнап жүріп ол шаяндарды аулайды. Осы уақытта шамамен  14 сағат 30 минут кезінде аталған жыраға Лесников келіп, балалардан не істеп жүргендерін сұрайды.

Балалардың шаян аулап жатқанын естіген қылмыскер жағдайдың баланы алдуға және ұлауға оңтайлы сәт екенін ойлап, балалардың бірі онымен бірге барса көп шаянның қайда екенін көрсетуге уәде етеді.

Балалық аңғалдығы басым Ганя жігіттің сөзіне сеніп, онымен баруға келіскен.

Сот үкімімен Лесников аталған қылмыстарды жасауда айыпты деп танылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі