Сот айыппұл мөлшерін азайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық соты 1937 жылы туған Ресей Федерациясының азаматшасына  ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты. Айыппұл мөлшері 20  мың теңгені құраған.

Қартаң әйел Қазақстан Республикасының аумағына 15 маусымда  келіп, Жітіқара қалалық және аудандық ІІБ тірелмей Жітіқара ауданы аумағында 30 күннен астам уақыт тіркеусіз өмір сүрген. Бұл факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған.

78 жастағы азаматша өз жасына орай денсаулығының нашар екендігін баяндап, істі оның қатысуынсыз қарауды өтініп арыз жазған. Және де кінәсін мойындайтындығын, өкінетіндігін  білдірген.

Сот әкімшілік құқық бұзушының жасын, материалдық жағдайын ескеріп, ҚР ӘКБтК-тің 819 бабы 2 бөл. қолданып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайттуға қаулы етті.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі