Сот кәсіпкер пайдасына 1 теңге моральдық залал өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Қарабалық аудандық соты кәсіпкердің аудан әкімінің орынбасарынан 1 теңге мөлшерінде моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызын қарады.  

Азаматтық іс материалдары бойынша, шағымданушы кәсіпкер 2014 жылдың жазында аудандық балалар кітапханасында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Ал өзінің қызметтік міндеттерін атқарған аудан әкімінің орынбасары А.Сұлтанов құрылыс аумағына барып тұрған.

Осылай жұмыс барысын кезекті бақылау үшін Сұлтанов өткен жылдың 7 маусымында кітапхана маңына келіп кәсіпкермен сөйлесу барысында кикілжіңге келіп қалады. Өзін-өзі ұстай алмаған әкім орынбасары кәсіпкерді балағаттап, қолынан шығаберіс есікке қарай сүрей жөнеледі. Осылайша, шағымданушының ар-намысына нұқсан келтірген.

 

 Сот отырысы барысында кәсіпкерге жауапкер тарапынан тіл тигізіп балағаттау түріндегі моральдық залал келтірілгенін іс бойынша куәгерлер айғақтады.  

Сот талапкер Б.Хугоевтің шағымын қанағаттандырып, А.Сұлтановтан 1 теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы шағымын қанағаттандыруға шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Қазір шешімге апелляциялық шағым түскен.

 

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі