Студенттермен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде, тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Қостанай қалалық сотында Қостанай мемелекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясыкафедрасының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттер «Отбасылық сот» пилоттық жобасының негізгі ережелерімен, оның мақсаттары мен міндеттерімен танысты.

Осыған қоса, студенттерге пилоттық жобаны іске асыру тәртібі іс жүзінде көрсетілді – судьяның некені бұзу, ата-аналардың балалары алдында алименттік міндеттері сияқты отбасылық дауларды қарау процесіне бақылаушылар ретінде қатысты.

Сонымен қатар студенттер медиация кабинетінде болды. Онда татуластырушы судья Г.Рахметуллина татуластыру рәсімдерін өткізу тәртібін түсіндіріп, медиация жасасудың ерекшеліктері мен басымдықтарынаерекше көңіл аударды.

Іс-шараны аяқтау барысында студенттер өткізілген кездесу үшін алғысын білдірді. Қазақстан халқы Ассамлеясы кафедрасының меңгерушісі О.Н.Евдокимова өз кезегінде осындай іс-шаралардың пайдасын атап өтіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың отбасы институтын зерттеудің зор мәнділігін айтты.

Источник: 
Қостанай облыстық Соттың Баспасөз қызметі