Терроризм туралы кезекті жалған хабарлаушыға қатысты сот ісі қаралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлау) айыпталып отырған 1984 жылы туған К-ге қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде кешкі сағат 10 шамасында К. Қостанай қаласындағы пәтерінде телефоннан «102» нөміріне қоңырау шалып қалада террористік акт дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған.

Аталған факт бойынша жедел іздеу тобы құрылып, құқық қорғау органдарының арнаулы мақсаттағы бөлімшелері негізгі жұмысынан қалып тергеу шараларын жүргізген.

Айыпталушының заңға қайшы әрекеті салдарынан белгілі мөлшерде қаражат жұмсалған.

Іс бойынша басты сот отырысы 29 қарағаға сағат 15.00-ге тағайындалды.   

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі