жалған хабар

Терроризм туралы кезекті жалған хабарлаушыға қатысты сот ісі қаралады

10/11/2016

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлау) айыпталып отырған 1984 жылы туған К-ге қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде кешкі сағат 10 шамасында К. Қостанай қаласындағы пәтерінде телефоннан «102» нөміріне қоңырау шалып қалада террористік акт дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған.