Заңнамадағы жаңа енгізулерді талқылау бойынша Алтынсарин аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевпен 2019 жылдың 21 қаңтарында № 217-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Заң 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді. Демек, осы күннен бастап өзгертілген түрінде құқық нормалары әрекет етіледі.

Алтынсарин аудандық сотында 2019 жылдың 31 қаңтарында жаңа енгізулерді  және құқықты қолдануын талқылау шеңберінде дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алтынсарин ауданның прокуратура, әділет органдарының, нотариаттық палатасының, адвокатура, полиция органдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде төрелік институтының,  сот жүктемесін оңтайландыруға, экономикалық қылмыстарды ізгілендіру және меншік құқығын қорғау күшеюіне байланысты өзгерістер туралы әңгіме болды.

Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті мен мақсаты, Заңының теориялық және практикалық қолданылу мәселелерін барлық мүдделі субъектілерімен талқылауы.

Дөңгелек үстел өткізу барысында басты назар сот жүктемесінің оңтайландыру мақсатында сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне 18 санкциялардан тек 2 санкция сотқа қалдырылды, олар жетек және елден тыс жерлерге шығуына тыйым салу. Сонымен қатар, банктік шоттарға тыйым салу және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету туралы санкциялар прокуратура беріледі.

Азаматтық істер бойынша бұйрықтық өндіріс талаптарының жартысы нотариатқа беру мәселелері жергілікті нотариустармен талқыланды. Нотариат және адвокатура өкілдерімен түзетулер және олардың артықшылықтары талқыланды.

Аталған тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел Алтынсарин ауданның азаматтар мен заңды тұлғалардың бірлескен қызметінің құқықтарын қорғау және  қамтамасыз ету жөніндегі "тиімді үйлестіруші" болды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі