Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы талдау мен талқылау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарабалық аудандық сотында жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен мәжбүрлеп  шығару немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін шығару туралы заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға сот төрағасы мен судьялар, аудан әкімі, прокуратура, адвокатура, жеке сот орындаушысы, нотариустар, «Азаматтарға арналған үкіметінің», әділет басқармасының өкілдері қатысты.

Бұл түзетулер бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою шарты - құны тең бағамен өтелгені қажет көзделді жұмыс барысында. Жер учаскесінің  өтеу мөлшері нарықтық құны бойынша анықталады. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуының механизімі актуальдандырылды («Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64,65,67,68,69 баптары,Жер кодексінің 84 бабы). Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары процедуралық мәселесі реттелген («Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 62-2 бабы).           

Талдау барысында қатысушылар пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі