Жездесін пышақтағаны үшін 9 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  ҚР ҚК 96 бап 1 бөл. бойынша (кісі өлтіру) қарастырылған қылмыстық істі жасаған  Қашар кентінің 36 жастағы тұрғыны  Владимир Игнатовқа қатысты сот үкімін шығарды.

Тергеу материалдары бойынша, 2014 жылдың 12 желтосанында ерлі зайыпты екі жұп Қашар кентіндегі пәтердің бірінде ішімдік ішкен. Ал жәбірленуші Е.Ивашко пәтер иесі саналатын әйелдің туған інісі болатын.

Біраз уақыт қонақта болған іні мен келін өз үйлеріне кетеді. Арада жарты сағат уақыт өткен соң сотталушының әйелі үйіне кеткен інісіне  телефон шалып, өзін күйеуі соққыға шықанына шағымданады.

Олар қайта келгенде әдбен соққы жеген  азаматша Игнатованы көреді. Апасына болысқан Ивашко жездесімен сөйлеспек болған. Арты төбелеске ұласып, әйелдер қиындықпен оларды ажыратып алады. Біраз сабасына түскен жігіт әйелі мен апасын алып үйіне кетпекке ыңғайланғанда сотталушы ас үйден пышақ алып балдызының мойынына сұғып алады. Алған жарақат салдарынан Ивашко оқиға орнында қаза тапқан.

Сот үкімімен В.Игнатов ҚР ҚК 96 бап 1 бөл. қарастырылған қылмыстық істі жасауда айыпты деп танылып, оған 9 жылға қатаң тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтеу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Қылмыстық сот