Жітіқарада үш адам өліміне қатысты айыпталып отырған көлік жүргізушісінің ісі сотта қаралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жітіқара аудандық сотында ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, 347-бабы бойынша айыпталып отырған 23 жастағы С-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталады.

Іс материалдары бойынша, 14 қазанда сағат 01.30 шамасында Жітіқарада ішімдікке масаң күйде болған С. «Лада 21723» маркалы автокөлігін басқарған. Жарығы жоқ Ш.Уалиханов көшесі бойында «Мунай» жанар-жағармай станциясына беттеп бара жатып ол жол-көлік ережесін бұзып жылдамдықты арттырған. Әрекет нәтижесінде жолдан өтпек болған жергілікті жедел жәрдем қызметкерлері 37 жастағы Б., 56 жастағы Ш. және 52 жастағы М-ны көлігімен соғып оқиға орнынан жасырынған. «Айнабұлақ» шағын ауданында көлігін қалдырып өзі жасырынбақ болған жерінен полиция қызметкерлері ұстаған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан үш жәбірленуші Жітіқара аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде қаза тапқан.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі