жол-көлік оқиғасы

Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының қазасына кінәлі жүргізуші 3 жылға сотталды

25/10/2016

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 24 жастағы Александр Шевчукке қатысты қылмыстық істі қарады.

Осы жылдың 7 тамызында ағайынды Шевчуктар шатханада сыра ішіп отырып, қайтар жолда сол жерде болған екі бойжеткенді үйлеріне жеткізіп салмақ болады.

Қостанайда сот көлік жүргізушісіне 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 млн. теңге моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады

21/06/2016

Қостанай қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған 1980 жылы туған Вячеслав Урсанға қатысты сот үкімін шығарды.

В.Урсан 2015 жылдың 16 қарашасында сағат 08.00 шамасында Қостанайдағы «Рассвет» автобус аялдамасының маңында «Mersedes Benz 814» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып қылмыстық менмендік жасап, жолақты жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргінші К.Өтеулинді соғып кеткен.

Қостанайда №13 автобус жүргізушісі жаяу жүргіншінің қазасына кінәлі деп танылды

25/05/2016

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына 1969 жылы туған Бекболат Хусаиновқа  қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған болатын.

Қостанайда №13 автобус жүргізушісі жаяу жүргіншінің қазасына кінәлі деп айыпталып отыр

27/04/2016

Қостанай қаласының №2 сотына 1969 жылы туған азамат Х-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталып отыр.

Қостанай қалалық №2 соты 13 жасар баланы көлігімен қағып мерт қылған жүргізушіні тұтқындауға санкция берді

29/07/2015

Қостанай қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабының  3 бөл., 380 бабының 2 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасауда күдікті Д.-ны екі май мерзімге тұтқындауды санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырды.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 25 шілдесінде сағат 22.00 шамасында 1976 ж.т. азамат Д. өзінің Ауди маркалы автокөлігін мас күйінде қостанай қ. Маяковский көшесінің бойында жүргізіп келе жатып жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп жара жатқан 13 жасар баланы соққан. Бала ауыр соққы салдарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде мерт болды.

Мұз қалашықты соққаны үшін

13/01/2015

Лисаков қаласының тұрғыны К. 4 қаңтарда өзі басқарған көлікке ие бола алмай «Мұз қалашықты» қоршаған мұз қоршауға соғылып, кейін жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.