ЖСО әрекеті заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық соты «Агрофирма Жана-Жер» ЖШС-ның жеке сот орындаушысы әрекетіне шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес Қостанай облысының МАЭС ұйғарымымен қозғалған атқарушылық іс жүргізуЖСО іс жүргізуінде болды. Аталған ұйғарым талапкер «ЦДР ТехЭнерго»-ның жауапкер ЖШС-ға қатысты талапты қамтамасыз ету туралы азаматтық іс аясында шығарылды. Сот шешіміміен талап арыз қанағаттандырылмады. Сонымен қатар сот ұйғарымымен ЖСШ-ға қатысты барлық қамтамасыз ету шаралары жойылды.

Бірақ, мүлікті кепілге салу арызын бергенде, ЖСО барлық мүлікке тағы да тыйым салды. Жеке сот орындаушысына тікелей жүгінгенде, ол өзінің атқарушылық әрекеттері үшін 80 АЕК көлемінде төлем жасауды талап етті.

Сот «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес жеке сот орындаушысының әрекеттерін өтеу бойынша шығындар талап арызды қматамасыз ету ұйғарымын ұсынған өндіріп алушы өтейді, себебі өндіріп алушы атқарушылық әрекетке мүдделі болып табылады.

Аталған әрекеттер кәсіпорынның жұмысын бұзып, мүлікке қалауынша билік етуге кедергі келтірді. Осыған байланысты ЖСО әрекеттерін заңсыз деп тану және барлық мүліктен тыйым салудан босату үшін сотқа жүгінді.

Сот іс материалдарын зерттеп, ЖСО әрекеттерін заңсыз деп таныдығ сонымаен қатар ЖШС-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: