ардагер

Сарыкөл аудандық сотының ұжымы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

30/04/2015

Бірнеше күннен кейін ТМД елдері Ұлы Жеңістің 70 – жылдығы мерекесін атап өтеді. Бұл адамзат тарихы мен санасындағы маңызды Жеңіс. Айтулы мереке қарсаңында Сарыкөл аудандық сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері Лесной ауылының тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының ардагері  Мухачев Василий Петровичтің үйінде болды. Кездесу барысында сот қызметкерлері ардагерге жеңіс пен ерлігі үшін алғыс айтып, бағалы сыйлық тарту етті.