Сарыкөл аудандық сотының ұжымы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бірнеше күннен кейін ТМД елдері Ұлы Жеңістің 70 – жылдығы мерекесін атап өтеді. Бұл адамзат тарихы мен санасындағы маңызды Жеңіс. Айтулы мереке қарсаңында Сарыкөл аудандық сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері Лесной ауылының тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының ардагері  Мухачев Василий Петровичтің үйінде болды. Кездесу барысында сот қызметкерлері ардагерге жеңіс пен ерлігі үшін алғыс айтып, бағалы сыйлық тарту етті.

Василий Петровичке желтоқсан айының 28-де 88 жасқа толады. Кеңес Әскерінің қатарында  Қиыр Шығыс және Карелия Республикасында соғысқан. Соғыс жылдарын ардагер мұңды жанарымен еске алып, ел шекарасын қорғау, жау шебін басып алу, қасындағы жолдастарының көз алдында оққа ұшырағанын әңгіме етеді.

Василий Петрович бірнеше медальдармен марапатталған. Ал соғыс жылдарынан кейін ардагер Қостанай облысында Тың игеруге қатысып, осы өлкеде қалған.

Қонақжай жауынгер өзіне көрсетілген құрмет пен ниетке алғысын білдірді.  

Источник: 
Сарыкөл аудандық соты