айдап әкету

Көлікті айдап әкету

12/03/2014

Наурызым аудандық сотында сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібінде көлікті айдап әкету бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

2014 жылғы 10 ақпанда сағат 23.00 Наурызым ауданы Қараменді ауылында азамат П. мас күйінде бөтен адамның көлігін жүргізбекші болып,    қасақана Б. ауласында тұрған құны 2995000 теңге тұратын  «Chevrolet Cruze»  маркалы көлікті айдап кеткен. Кейін «Қараменді-Әулиекөл» тас жолының 17 шақырымында рөлді басқара алмай, автокөлік кюветке құлайды. Соның салдарынан көлік иесіне ірі шығын келтірген.