Іс бітімгершілікпен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер «Р» ЖШС-ің жауапкер «Д» ҚО-іне 732 108 теңге мөлшерінде қарызды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, талапкерлер мен жауапкерлер арасында жарық энергетикасын жіберу және бөлу қызметін  көрсету туралы келісім-шарттар жасалған, келісім-шартқа сәйкес, «Қостанай жарық энергетикасы» МКК-і жарық энергетикасын жіберуге, ал жауапкерлер жарық энергетикасын қолданылғаны үшін төлеуге міндеттелген. Келісім-шартты орындауда талапкерлер жылу энергетикасын жіберіп отырған, бірақ жауапкерлер қызмет ақысын төлеу міндеттерін орындалмаған.

Істі қарау барысында, екі жақты дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу  туралы өтініш түсті.

Сот арызды қарастырып, азаматтық іс бойынша өндірісті  бітімгершілік келісіммен орнықтыруына байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы  өтінішті қанағаттандыруды шешті.

ҚР Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 247 бабы 4-1) тармағына сәйкес, егер тараптармен дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісім жасалса, сот азаматтық іс бойынша өнідірісті тоқтады және ол сотпен бекітіледі.

Жауапкерлер келісілген мерзімде қарызды өтеуге міндеттелді. Талапкерге талап арызды беру кезіндегі мемлекеттік баж салығы қайтарылады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.