қорытынды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бейнеконференцбайланысы өтті

21/04/2014

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде облыстық сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланысы өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми, Жоғарғы Соттың судьялары, Республиканың облыстық сот судьялары қатысты.

Онлайн тәртібінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша баяндама жасады.