Жітіқара аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық сотының төрағасы Н.К.Бекишев 2014 жылғы 18 сәуірде аудандық сотында 2014 жылғы 3 айда сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді.

Брифингте «Авангард» газетінің өкілі М.К.Прокофьева мен «Пресс-Экспресс» газетінің өкілі В.Н.Талькаймер қатысты.

Журналистерге есептік кезеңдегі сандық әрі сапалық жұмыс көрсеткіштер ұсынылды. 2014 жылғы 1 тоқсандағы сот жұмысының қорытындысы айтылды. Мысалы, ағымдағы жылдың 3 айында аудандық сотпен 60 адамға қатысты 57 қылмыстық іс аяқталды, ал 2013 жылы 3 айда 71 адамға қатысты 61 қылмыстық іс аяқталған болатын. Өткен жылмен салыстарғанда 4 іске азайған.  Азаматтық істердің қаралуы бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанда – 394 іс қаралды, көрсеткіш 19,7 %. Өткен жылдың ұқсас кезеңі қарағанда көп.  2014 жылғы 3 айда сот 351 адамға қатысты 351 әкімшілік іс қарады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 69 іске аз немесе 16,4%. Судьялармен істерді қарау мерзімдері бұзылмаған. Кассациялық тәртіпте 1 үкім және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 қаулы апелляциялық алқада өзгертілген. Жоғары тұрған сатыларда күшін жойған үкім, қаулылар және өзгертілген және күшін жойған шешімдер жоқ. Медиация институтын енгізуіне байланысты есептік кезеңде медиацияны қолданумен 4 қылмыстық, 1 азаматтық және 5 әкімшілік іс қаралды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сот төрелігін атқарудағы барлық кезеңінде сот ашықтығын толық қамтамасыз етуде сот процестерінде сандық бейне және дыбыс жазба жүйесін енгізуге негізделген. Және барлық сот істері дыбыс жазбасын қолданумен қаралған.

Жітіқара аудандық сотында 2014 жылғы 3 айда сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу аясында сот төрағасы судьялар және мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша 8  кеңес өткізді.

Судьялар және мамандар әрекетіне шағымдар түскен жоқ.

БАҚ өкілдеріне барлық толғандырған сұрақтарына жауаптар берілді. Шара соңында сот төрағасы тілшілерге бірлесе қызмет жасағандары үшін алғысын білдірді.