Архив событий

07/04/2021

Қарабалық аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

07/04/2021

Қарабалық аудандық сотымен "Жылжымайтын мүлікті иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы және  Ақшалай қаражат түріндегі мұраны иесіз қалған мүлік деп тану туралы" тақырыбында "онлайн" режимінде дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кірістер, прокуратура, "Қазпошта" АҚ, Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ өкілдері қатысты.

Оқу орталығы семинар сабағын өткізді

07/04/2021

Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Смағұлованың және облыстың аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының, кеңсе меңгерушілері мен сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің соттары арасында құқықтық көмек көрсету бойынша семинар сабағын өткізді.

Қарызды өндіріп алумен байланысты сұрақтарды реттеу туралы дөңгелек үстел

07/04/2021

Қостанай қалалық сотында қарызды өндіріп алумен байланысты сұрақтарды реттеу туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Жұмысқа Қостанай облыстық сотының судьясы Карлығаш Исмагулова,  соттың судьялары, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің, «Қостанай облысының тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті» РММ-нің, коллекторлық агенттіктерінің, «ForteBank» АҚ-ның, «Евразийский Банк» АҚ-ның, Қостанай облысының нотариалдық палатасының өкілдері қатысты.