Архив событий

22/04/2021

Сот істерін қаралғаннан кейін рәсімдеу тақырыбында семинар өтті

22/04/2021

Қостанай аудандық сотында сот кеңсесі меңгерушісінің м.а. К.Рыщанованың және сот мамандарының қатысуымен сот істерін қаралғаннан соң рәсімдеу тақырыбында семинар дәрісі өткізілді.

Семинар барысында бас маман сот мәжілісінің хатшысы Елена Игнатова өндірісі аяқталған істерді  ресімдеу аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу ережесінде көзделген талаптарға сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті.

Дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру

22/04/2021

Сарыкөл аудандық сотында төрағаның міндетін атқарушы Шолпан Накипова аудандық Халық банкі өкілінің, медиатордың, адвокаттар мен нотариустардың қатысуымен онлайн-кездесу өткізді, оның барысында дауларды соттан тыс шешу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Судья Ш.Накипова қатысушылардың назарын дауларды сотқа дейінгі реттеу сот ісін жүргізуден және соған байланысты уақыт пен сот шығындарынан аулақ болуға мүмкіндік беретіндігіне аударды. Сонымен қатар, тараптар дауды реттеу туралы шешім қабылдау процесін және оны шешу шарттарын толығымен бақылайды.

Сот актілерінің орындалуын бақылау

22/04/2021

Сарыкөл аудандық сотында төрағаның міндетін атқарушы Ш.Накипова және судья А.Хасенова, прокуратура, ЖСО және аудандық полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.

Ш.Накипова сот актілерін орындау алгоритмін құру қажеттілігін атап өтті.

Жұмыс барысында қатысушылар сот актілерін орындау барысында туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылады.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар сот актілерін орындау сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жетілдіру туралы пікір алмасты.