Архив событий

29/04/2021

Арқалық қалалық сотында өткізілген дөңгелек үстел

29/04/2021

Әкiмшiлiк  жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Арқалық қалалық соты төрағасының  міндетін атқарушы Л.Ж.Әбішевамен  онлайн режимде жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда сотпен тағайындалған айыппұлдардың орындалмау себептері талқыланды.

Татуластырушы-судья колледж студенттеріне дәріс сабақтарын өткізді

29/04/2021

Қостанай қалалық сотының судьясы Бахыткуль Алтынсарина Қазтұтыныодағының Қостанай жоғарғы экономикалық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 3 курс студенттері үшін, «Халықаралық құқықты меңгеру» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.

Судья Б.Алтынсарина халықаралық құқықтың – халықаралық құқық субъектілерімен және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін, халықтар мен халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық-құқықтық қағидаттар мен нормаларының жиынтығы екенін түсіндірді.  Олардың әрекетіне тұрақтандыру, реттеу және қорғау функциялары жатады.

Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдардың кейбір мәселелері туралы

29/04/2021

Қостанай облыстық сотында «Zoom» мобильдік қосымшасы арқылы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев пен судья Ерлік Сералин, мамандандырылған тергеу сотының судьялары, прокуратура, ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша Департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті, Қостанай облысының полиция Департаменті, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаменті өкілдерінің, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының қатысуымен дөңгелек үстел