Архив событий

23/04/2021

Атқарушылық жазбаны жасау мәселелері бойынша

23/04/2021

Рудный қалалық сотының судьялары М.Дилтаева мен Е. Мурзагужинов Рудный қаласының нотариустары мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Қатысушылармен коммуналдық қызметтердің- өндіріп алушылар өтініштері бойынша атқарушылық жазбаны аяқтау мәселелері, сондай-ақ талап арызды қайтару негіздері талқыланды.

Қостанай қалалық сотының судьясы университет студенттеріне дәріс оқыды

23/04/2021

Қостанай қалалық сотының судьясы Анастасия Морозова А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Заң» мамандығында оқитын студенттер үшін, «Азаматтық процесс сатылары. Келісімдер бойынша дауларды сотқа дейін реттеу. Шартты келісімдер және келісімдердің түрлері» тақырыптарында дәріс сабақтарын өткізді.

Іс-шара, жастарға құқықтық тәрбие беру және қоғамның құқықтық санасын арттыру мақсатында өткізілді.

Ішімдік ішу барысындағы жанжалда адамның басын кесіп тастаған ер адам сотталды

23/04/2021

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қостанай облысы кенттерінің бірінің тұрғыны аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін сотталды. (ҚК 99 б.2б 5т)

Сотпен анықталды

         2020 жылғы 2 желтоқсанда Қостанай облысының Рудный қаласында сотталушы жәбірленушімен танысқан күні, оның пәтерінде спирттік ішімдіктерін ішкен.                                                                                                                                                                                         

Автобус аялдамасының жанында өзінің танысын өлтірмек болған ер адам сотталды

23/04/2021

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қостанай қаласының тұрғыны адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталды. (ҚК 24 б. 3 б.,99 б. 1 б.).  

Сотпен анықталды

         2020 жылдың 14 қарашасында күндізгі уақытта Қостанай қаласы көшелерінің бірінде сотталушы К. автобус аялдамасының жанында, алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында, өзінің танысын өлтіру мақсатында оған көптеген пышақпен жарақаттар жасайды.