Арқалықта электрошокер сақтаған азаматқа 30 мың теңге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық сотында 1966 жылы туған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 9 маусымында  Арқалық қалалық ІІБ полиция қызметкерлері  «Балажан» сауда орталығында азамат Ж-дан  ішкі істер органдарында тіркелмеген электрошокерді әшкерлеген. 

Сот отырысы барысында Ж. өз нінәсін мойындап, тауарды шам ретінде Алматының базарынан сатып алғанын айтып, шамның элетрлік қаруға жататындығын білмегененін мәлімдеді.

Қалалық сот қаулысымен азамат Ж. ҚР ӘКБтК 482 бабы 1 бөлігі бойынша құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған мемлекет пайдасына 29 964 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жаза тағайындалып, электрошокері тәркіленді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі