Лисаков тұрғыны сотта жас жігіттің баласының әкесі екенін дәлелдеп, одан алимент өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лисаков тұрғыны 21 жастағы жігіттің 2016 жылы туған қызының әкесі екенін анықтап, одан алимент өніру туралы шағымымен сотқа жүгінген. Шағымданушы азамашта жігітпен 2015 жылдың жазында танысқан. Ұзаққа созылмаған қарым-қатынастан кейін ол 2016 жылдың 16 наурызында қыз баланы дүниеге әкелген. Ал жігіт баланың әкесі екенін мойындаудан бас тартып, оны тәрбиелеуде көмек көрсетуден бас тарқандықтан жалғызбасты ана сотқа шағымданған.  

Биологиялық әкелікті анықтау мақсатында тараптар ерікті түрді арнайы сараптама жасатты. Оның нәтижесінде жігіттің бала әкесі екенін 100 пайыз дәлелдеген.

Істі қарау нәтижесі бойынша Лисаков қалалық соты азаматшаның  әкелікті анықтау және бала он сегіз жасқа толғанға дейін оған алимент өндіру туралы шағымын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі