Архив событий

06/03/2024

Қостанай қалалық соты жеке пәтер иелері кооперативі, меншік иелері бірлестігі өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

06/03/2024

Қостанай қалалық сотында судьялардың, нотариаттық палата өкілдерінің, сондай-ақ жеке пәтер иелері кооперативі, меншік иелері бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Көп пәтерлі тұрғын үйлерді ұстауға ақы төлеу бойынша қарыздарын өндіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Көппәтерлі үйлердің иелерінен берешекті өндіріп алу үшін атқару парағын орындау үшін нотариустарға құжаттарды ұсынудың түйткілді мәселелері талқыланды.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/03/2024

Амангелді аудандық соты сот актісі мен атқарушылық құжатты орындамау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

    Сотта анықталғандай, 2017 жылдын 11 қаңтарындағы Амангелді аудандық сотының бұйрығымен аз. С.-дан ай сайын табысының және (немесе) өзге де табысының 3/1 бөлігі мөлшерінде екі кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріледі. Сот бұйрығын орындау дереу мәжбүрлеп орындауға бағытталған.