Архив событий

18/03/2024

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапқа тартылды

18/03/2024

 

Лисаков қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. бойынша (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер, қайтадан) Б.-ғақатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды қарау барысында құқық бұзушының сот отырысында алкогольдік мас күйде келгені анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес  Б. алкоголь концентрациясы 2,29 промилле болатын орташа дәрежелі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

Осыған байланысты оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.