Архив событий

15/03/2024

Мемлекеттік тілді дамыту

15/03/2024

 Қостанай облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттік тілде талап қою мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік кірістер мен Әділет департаменттерінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.

Студенттермен кездесу

15/03/2024

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Жауарова академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері мен профессорлық – оқытушылық құрамының арасында «ӘРПК шеңберінде медиация» тақырыбында дәріс оқыды.

Студенттер мен оқытушылар кездесу кезінде бітімгершілікке жету және медиацияны жасасу арқылы даулардың аяқталуының артықшылықтары түсіндірілді.

Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.