Архив событий

12/03/2024

Материалдық шығынды өндіру

12/03/2024

Әдетте, мал бақташылары ірі қара мал мен жылқы иелерімен жазбаша келісім жасамайды, осылайша қандайда бір жағдай болса жауапкершіліктен құтыламыз деп санайды.

Алайда, азаматтық заңнамаға сәйкес, мал бағу түріндегі қызмет көрсету және осы қызмет үшін ақы алу рәсімдік келісімді жасау фактісін растайды, осыған байланысты бақташы осы малдың сақталуы бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

Ашық сот процессі өтті

12/03/2024

 

Қамысты аудандық сотында ашық сот процессінде пробациялық бақылауда тұрған сотталушылардың қатысуымен ҚК-нің 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі-қоймаға заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау бойынша К.-ға қылмыстық іс қаралды.

Бұрын бірнеше рет сотталған, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан және пробация қызметінде бақылауда тұрған К., 2023 жылдың қазан айында Қамысты ауданының Ливановка ауылында шаруа қожалығына тиесілі машина-трактор шеберханасынан 85 литр мотор майын ұрлап, жәбірленушіге жалпы сомасы 230 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.