Жаңалықтар

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапқа тартылды

06/02/2024

Амангелді аудандық сотында азамат С.-ның сот белгілеген мінез-құлықына қойылатын ерекше талаптарды бұзуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды қарау барысында оның сот отырысында алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

         Бұл ретте ол судьяның өкімдеріне бағынбады және өзінің іс-әрекеттерімен сотқа құрметсіздік танытты, осыған байланысты оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

05/02/2024

  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы А.А.Мерғалиев 2023 жылғы қарашада облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен өткен кеңесте жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша тапсырмалар берді.

Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Қостанай облыстық соты мен Сот әкімшілігі департаменті А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Сот лауазымға тағайындау рәсімін тоқтата тұруды заңсыз деп таныды

05/02/2024
Қостанай қалалық соты азаматша Д.-ның «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы» ММ-не лауазымға тағайындауды тоқтата тұруды заңсыз деп тану, ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау, моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
            Істі қарау барысында 2022 жылдың қыркүйек айында талапкер Д.-ға педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылғаны анықталды.

Ата-аналық міндеттерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

02/02/2024

Бейімбет Майлин аудандық сотымен К. баланы тәрбиелеу және оған күтім жасау жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. (ӘҚБтК-тің 127 б. 1 б. )

Сотта 2024 жылдың 17 қаңтарында К. бірге тұратын адаммен ішімдік ішіп ұйықтап қалып 2019 жылы туған баланы шағын орталықтан алып кетпегені анықталды. К-ның өзі алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланады және оған мектеп әкімшілігінен бірнеше рет шағымдар түскен.

Жазатайым оқиға туралы хабарламағаны үшін айыппұл

02/02/2024

2023 жылғы 30 қарашада АҚ филиалы қызметкер Б. жұмыс кезінде   еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаға тап болғаны туралы бір тәулік ішінде еңбек инспекциясы жөніндегі органға хабарламаған.

Сол күні жұмысшы Б., карьер аумағындағы автокраннан рұқсаттаманы электронды тіркеу үшін шығып, тазаланбаған мұзды жолда тайып құлап, нәтижесінде жамбас мойының сынуы түрінде өндірістік жарақат алған. Кәсіпорын аумағынан жедел жәрдеммен Лисаков қалалық ауруханасына жеткізіледі, онда қазіргі уақытта ем алып жатыр.

Сотта медицина қызметкерлерінің құқығы қорғалды

02/02/2024

Қостанай облыстық сотының апелляциялық сот алқасында 19 жұмысшының жұмыс беруші – аймақтық ауруханаға қатысты талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотқа жүгінген медицина қызметкерлер ауруханада 25 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеп келе жатқанын, 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші мерзімі өткен біліктілік үшін төлемақы төлеуден бас тартқанын көрсетті.

Осыған байланысты олардың еңбекақысы толық есептелмей  төленген. Қазіргі уақытта кәсіподақ та, еңбек инспекторы да жұмысшылардың құқығын қорғамай, сондықтан олар сотқа жүгінді.

Қоғамдық орындарда ішімдік ішу әкімшілік айыппұлға әкеп соғады

01/02/2024

Рудный қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді ішу  немсе қрғамдық орындарға масаң күйде болу) азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі  қарады.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың 25 қаңтарында Шымкент-Астана бағытында келе жатқан жолаушылар пойызында А. алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде болып  қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлаған.

Алаяқтық бойынша кезекті іс қаралды

01/02/2024

 

ІС № 3911-23-00-1/336

 

            Қостанай қаласының №2 сотында адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет алаяқтық жасау, яғни алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы).

 

Сот анықтады:

Сотта сотталушы көпшілік алдында қорлағаны үшін кешірім сұрады

01/02/2024

Көптеген адамдар интернет еркін және заңмен реттелмеген аймақ деп қателеседі. Алайда, заңнамада әлеуметтік желілерде қорлау үшін жауапкершілік қарастырылған.

Мәселен, Лисаков қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көпшілік алдында жасалған қорлау үшін Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі).

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

30/01/2024

Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азамат К.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбауы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі, 667-бабы 1-бөлігі)

Беттер