Жаңалықтар

Студенттермен кездесу

29/02/2024

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты Қостанай автомобиль көлігі колледжінің ғимаратында студенттерге дәрістер жүргізіп, оның барысында кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесуде студенттер мен оқытушылар жеке құқықтарына, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтар, көліктегі құқық бұзушылықтар, жол қозғалысы ережелері туралы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мал ұрлағандары үшін сотталды

29/02/2024

Меңдіқара аудандық соты ауданының екі тұрғыны А. және Ч.-ға қатысты ҚК-нің 188-1-б. 2-б. 1), 2) т.т. бойынша, яғни ірi мөлшерде алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша және Ч.-ға қатысты ҚК-тің 287-б. 2-б. бойынша, яғни жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын заңсыз иемдену және сақтау бойынша қылмыстық ісі қарады.

Сотта анықталды

Апелляциялық сот жұмысшылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

28/02/2024
2022 жылдың аяғында «Береке» шағын ауданда орналасқан 5 қабатты ғимаратты салуда 12 құрылысшы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген. 
         Қосалқы мердігер ретінде әрекет еткен жұмыс беруші еңбек келісім-шарттарының жасалып жатқанын, кейінірек рәсімделетінін айтып деп уәде берді.

«Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/02/2024

Жітіқара аудандық сотында «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға судьялар, аудан медиаторлары мен адвокаттар қатысты.

            Іс-шараның мақсаты – даулы және жанжалды жағдайларды медиацияны қолдану арқылы сотқа дейінгі тәртіпте шешу мәдениетін қалыптастыру, тараптар арасындағы жанжал деңгейін төмендету, медиация институтын халық арасында кеңінен насихаттау.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін сотталды

26/02/2024

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта К.-ның кәмелетке толмаған 2012 жылы туған баланың әкесі бола отырып, сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемелерін үш айдан астам уақыт бойы орындамағаны, нәтижесінде шамамен 400 000 теңге сомасында алимент бойынша берешегі туындағаны анықталды.

Қостанай қаласының тұрғыны оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін сотталды

23/02/2024

Іс №3911-24-00-1 / 19

Қостанай қаласының № 2 сотында оқ-дәріні заңсыз алғаны және сақтағаны үшін Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі).

Сот белгілеген:

2023 жылдың қазан айының соңында Б. ауладағы стихиялық автотұрақтың жанынан 9 мм калибрлі екі оқты тауып алды. Аталған оқты сатып алуға және сақтауға рұқсатнамасы жоқ Б. оларды заңсыз иемденіп, үйінде сақтаған.

Сотта Б. кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне шын жүректен өкініш білдірді.

Тараптардың ұстанымы:

Жоғары оқу орындарымен іскерлік байланыс

22/02/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті судья лауазымына кандидаттардың біліктілік емтиханын тапсыруға және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдауға дайындауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастырды.

БАҚ-пен өзара әрекеттесу және жариялылық принципін сақтау

22/02/2024
  Бейімбет Майлин аудандық сотында прокуратура, ішкі істер органы, жергілікті атқарушы орган, адвокатура және ауданның БАҚ өкілдерінің қатысуымен БАҚ-пен өзара іс-қимыл және оның орындалуын қамтамасыз ету және сот төрелігін жүзеге асырудағы ашықтық принципі мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
   Дөңгелек үстел барысында сот және құқық қорғау органдарының құқықтық ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудағы ынтымақтастық тақырыбы қозғалды.

Зорлық-зомбылықсыз отбасы

21/02/2024

Рудный қаласының көшбасшы-әйелдер клубы «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ базасында  «Зорлық-зомбылықсыз отбасы. Әйелдер құқығын қорғау» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Рудный қалалық сотының татуластырушы судьясы Б.Бейсембай қатысып, «Ажырасу процестері. Қазіргі отбасылардағы себептер» тақырыбында баяндама жасады.

Сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды

21/02/2024

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Іс-шараға судьялар мен сот әкімшісінің қызметкелері, Қостанай облысының Әділет департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Қостанай қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің өкілдері қатысты.

Беттер