Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметші жұмысқа қайта алынды

20/02/2024

Қостанай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік қызметшінің талап-арызы қанағаттандырылды, нәтижесінде ол бұрынғы лауазымына оралды, мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақытына жалақы өндірілді және моральдық зиян өтелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес оның қызметін бағалау нәтижесі мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

19/02/2024

Жітіқара аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Шекара қызметінің құжаттар мен тұлғаларды тексеру бойынша шекаралық бақылауды жүзеге асыруы барасында аз. П.-ның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны, осылайша халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының аумағында П.-ның заңсыз болу мерзімі 28 тәулікті құраған.

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты

16/02/2024

   Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда Қ-ға қатысты істі қарады.

   Іс бойынша 2023 жылғы 19 желтоқсанда сағат 21.10-да К. "Украинский" дүкенінде алкоголь өнімдері-ішімдік сатқаны анықталды.

   Сот қаулысымен Қ-ға қатысты іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қостанай облыстық сотында студенттермен кездесу өтті

16/02/2024

    Қостанай облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің персоналды басқару бөлімінің мамандары Челябі мемлекеттік университетінің 3 курс студенттерімен « ХХІ ғасырдың түлегі. Қазіргі және болашақ серіктестік тұрғысынан» тақырыпта кездесу өткізді.

    Кездесу барысында студенттерге «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-не жүктелген негізгі мақсат-міндеттер туралы айтылып, Қостанай облысының соттарында одан әрі жұмысқа орналасу және жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметке кіру тәртібі түсіндірілді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында

16/02/2024

Жангелдин аудандық кітапханасында аудандық соттың судьясы Н. Саулен мен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушыларының қатысумен дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шара барысында судья Н.Саулен соттың жұмысы туралы, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы баяндама жасады.

Баяндамадан кейін белсенді жастар көптеген сұрақтар қойып, көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе судья Н.Саулен осындай іс шаралардың тұрақты түрде өткізу арқылы өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруды ұсынды.

 

Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбағаны үшін сотталды

15/02/2024

№3911-23-00-1/379

 

Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК 428-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталды:

Сотталған З., 2023 жылдың 27 маусымы мен 27 қарашасы аралығында жазасын өтеу барысында белгіленген тәртіпті бірнеше рет бұзған: киім үлгісін бұзу, шеру алаңында таңғы карталық тексеруге бармау, кешкі карталық тексеруге барудан негізсіз бас тарту, сондай-ақ ұқыпсыз кейіпте болу.

Экономикалық сот судьясы емтихан комиссиясының құрамында

15/02/2024

Сот лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға, оның ішінде заңгерлік жоғарғы оқу органдармен өзара іс-қимыл  жасауға бағытталған шараларды орындау барысында Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Көкеман Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысына қатысты.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері

15/02/2024

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының базасында Қостанай облыстық сотымен «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар жұмысына Қостанай облыстық сотының судьясы Б.Е. Карбенова, Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы және судьялары, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

Сот бұзышылықтарды жою туралы нұсқамасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты

14/02/2024

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты АҚ-ның Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасын даулау жөніндегі әкімшілік талабын қарады.

Жұмыскердің шағымында, ол еңбек демалысында болған уақытта жұмыс жасаған, ал еңбекақысын алмағанын мәлімдеген. Еңбек жөніндегі инспектор АҚ тексеріс жүргізіп, нәтижесінде еңбек заңнамасының бұзушылықтары анықталады және даулы нұсқама шығарылған.

Такси жүргізушісінің әрекеті аса қажеттілік ретінде танылды

14/02/2024

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі бойынша У.-ға қатысты істі қарады.

Іс бойынша 2024 жылғы 7 қаңтарда Қостанай қаласының Карбышев-Чернышевский көшелерінің қиылысында «Hyundai Accent Classic» маркалы автокөлігін басқарып келе жатқан У., жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, полиция көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Беттер