Жаңалықтар

Сот еңбекақыны өндіруге міндеттеді

14/02/2024

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкер өкілінің Қостанай қалалық сотының жалақы бойынша берешекті өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы шешіміне берген шағымын қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, 2022 жылдың қыркүйек айында ерлі-зайыптылар П. серіктестікке сылақшы, сырлаушы, плиткашы, әрлеуші ​​болып жұмысқа орналасқан, алайда олармен еңбек шарты жасалмаған. Жұмыс аяқтағаннан кейін жұмыс беруші оларға жалақы төлеуден бас тартқан.

Үкім өзгеріссіз қалды

13/02/2024

       Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша Сарыкөл ауданы Большие Дубравы ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша қорғаушының апелляциялық шағымын қарады.

 Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотның үкімімен Т-ға орташа қауіпсіздік қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған болатын.

Сотпен Ішкі мемлекеттік аудит департаменті нұсқамасының күші жойылды

13/02/2024

2023 жылдың шілде айында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымдық бөлімшесі «М» МКҚК мемлекеттік сатып алуларды жариялады.

         Мемлекеттік сатып алулар туралы қорытынды хаттамасының негізінде, екі лот бойынша тауардың бірлігіне ең төмен баға ұсынған «O» ЖШС және «Н» ЖК жеңімпаз болып айқындалды.

Сақтандыру дауларының алдын алу

13/02/2024

    Қостанай қалалық сотында  облыстық, аудандық және оларға теңестірілген  сот судьяларының, Қостанай облысының адвокаттары мен Заң консультанттарының, кәсіби бағалаушылардың, сондай-ақ сақтандыру компаниялары өкілдерінің қатысуымен «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Судья Асқар Бекенов өз баяндамасында сақтандыру даулары бойынша істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер жайлы хабардар етті.

Сот кінәсіз деп таныды

12/02/2024

Іс №3911-23-00-1/355

Қостанай қаласының №2 сотында ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша бар диджейі Ф-ға қатысты қылмыстық істі қарады (абайсызда адам өліміне әкелу).

 

Сотқа дейінгі тергеу органы Ф. 2023 жылғы 29 мамырда Қостанай қаласындағы "JB" караоке-барының жанында мас күйінде болған Ж.-мен туындаған жанжал барысында қоғамдық қауіпті салдардың туындау мүмкіндігін білмей, оң жұдырығымен жәбірленушінің бет аймағына соққы жасаған. Нәтижесінде Ж. жерге құлап, бастың сол жағымен соққы алып, есін жоғалтып қалалық ауруханада қайтыс болды.

Материалдық және моральдық зиян өндірілді

12/02/2024

Әулиекөл аудандық соты азамат К.-ның «Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не келтірілген материалдық шығынды өтеу және моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, 2020 жылдың 14 шілдесінде аз. А. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында «Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не қарасты «Chevrolet Niva» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, «ВАЗ 21102» автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасының салдарынан азаматша К. дене жарақатын алған.

Жол-көлік оқиғасы сызбасы негізгі құжат болып табылады

07/02/2024

     Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында прокуратура өкілі мен полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Жол-көлік оқиғасының сызбасын жасау кезінде заңнама талаптарын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

      Сот төрағасы ЖКО сызбасын дұрыс жасамау оқиғаның көрінісін, оның реттілігін анықтауды және оқиғаға кінәліні анықтауды дұрыс бағаламауға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

       Сондай-ақ, сызба жол-көлік оқиғалары туралы істер бойынша негізгі құжат болып табылатыны атап өтілді.

Құқықтық білім мектебі

07/02/2024

 «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы ауданға қарасты кент және ауылдық округ әкімдері мен мамандары үшін Қамысты аудандық соты әкімшісінің басшысының және әкімшілік полиция аға инспекторының қатысуымен «Әкімшілік істерді жүргізудің электрондық форматын түсіндіру, нақтылау» тақырыбында құқықтық білім мектебін өткізді.

Сот әкімшісінің басшысы Б.Абишева «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді дұрыс құрастыру және жолдау мақсатында аталған жүйенің қолданылуы мен мақсаты бойынша түсіндірме берді.

Заңсыз аңшы мылтығын тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды

07/02/2024

Жангелдин аудандық соты ӘҚтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Т. «Toyota Hilux» маркалы қызметтік автокөлігімен ішкі істер органдарында тіркелмеген «МР-153» маркалы 12-калибрлі бір оқпанды  аңшы мылтығын заңсыз тасымалдағаны анықталған.

Т. кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен толығымен дәлелденді.

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін моральдық залал өндірілді

07/02/2024

2002 жылы талапкер Б. өзінің 2006 жылы ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы біледі.

     Іс бойынша анықталмаған адам ұсталып, ол азамат Б. ретінде өзін таныстырған және 2006 жылдың сәуірінде тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Беттер