Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған баланың заңнаманы бұзғаны үшін ата-анасының жауапкершілігі

14/03/2024

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша Ж.қатысты әкімшілік іс қаралды (ата-аналардың немесе заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттерді орындамауы).

Жол-көлік апатында бірнеше адамның өліміне себеп болған Қостанай облысының тұрғыны сотталды

14/03/2024

Қостанай ауданының тұрғыны П. ҚК 346-б. 6-б. көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен сотқа берілді (көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралдарың басқару және абайсызда екі адамның өліміне,адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге,ауырлығы орташа ауырлыққа әкеп соқтырған алкогольдік масаң күйде адам денсаулығына зиян және адам денсаулығына зиянның жеңіл ауырлығы)

Сотта анықталды

Жас мамандарға үлгі

14/03/2024

«Сот әкімшілігі департаменті» айдарында – Ботакөз Аманғалиева

 

Аманғалиева Ботакөз Рафхатқызы-Қостанай қаласы №2 сот әкімшісінің бас маманы сот отырысының хатшысы. Сот жүйесіндегі жұмыс өтілі 15 жылдан астам.

Ботакөз Рафхатқызы заң мамандығы бойынша еңбек жолын 2008 жылы Қостанай қаласының №2 сотының жетекші маманы болып бастап, 2011 жылдың наурыз айында бас маманы болып тағайындалды.

2017 жылы Қостанай қаласының №2 сотының мұрағатына бекітілді. Сот мұрағатында 9 жылдан астам жұмыс істеді.

Материалдық шығынды өндіру

12/03/2024

Әдетте, мал бақташылары ірі қара мал мен жылқы иелерімен жазбаша келісім жасамайды, осылайша қандайда бір жағдай болса жауапкершіліктен құтыламыз деп санайды.

Алайда, азаматтық заңнамаға сәйкес, мал бағу түріндегі қызмет көрсету және осы қызмет үшін ақы алу рәсімдік келісімді жасау фактісін растайды, осыған байланысты бақташы осы малдың сақталуы бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

Ашық сот процессі өтті

12/03/2024

 

Қамысты аудандық сотында ашық сот процессінде пробациялық бақылауда тұрған сотталушылардың қатысуымен ҚК-нің 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі-қоймаға заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау бойынша К.-ға қылмыстық іс қаралды.

Бұрын бірнеше рет сотталған, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан және пробация қызметінде бақылауда тұрған К., 2023 жылдың қазан айында Қамысты ауданының Ливановка ауылында шаруа қожалығына тиесілі машина-трактор шеберханасынан 85 литр мотор майын ұрлап, жәбірленушіге жалпы сомасы 230 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Қостанай қалалық соты жеке пәтер иелері кооперативі, меншік иелері бірлестігі өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

06/03/2024

Қостанай қалалық сотында судьялардың, нотариаттық палата өкілдерінің, сондай-ақ жеке пәтер иелері кооперативі, меншік иелері бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Көп пәтерлі тұрғын үйлерді ұстауға ақы төлеу бойынша қарыздарын өндіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Көппәтерлі үйлердің иелерінен берешекті өндіріп алу үшін атқару парағын орындау үшін нотариустарға құжаттарды ұсынудың түйткілді мәселелері талқыланды.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/03/2024

Амангелді аудандық соты сот актісі мен атқарушылық құжатты орындамау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

    Сотта анықталғандай, 2017 жылдын 11 қаңтарындағы Амангелді аудандық сотының бұйрығымен аз. С.-дан ай сайын табысының және (немесе) өзге де табысының 3/1 бөлігі мөлшерінде екі кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріледі. Сот бұйрығын орындау дереу мәжбүрлеп орындауға бағытталған.

Апелляциялық сатыда мұра туралы дау медиация тәртібімен қаралды

04/03/2024

   Мұрагерлік мүлікті үлестік меншік деп тану  және мұраның мөлшерін ½ үлесін айқындау талабымен азамат Г. Сотқа жүгінді  

         Көзі тірісінде әкесі қалдырған өсиетінде мұрасын  азамат Г. мен жауапкер Э.-ге қалдыратынын көрсеткен.

      Қайтыс болғаннан кейін тараптар нотариусқа мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру туралы өтінішпен жүгінді, алайда оларға мұрагерлік мүлікте үлестерін көрсетпей өсиет етті деген уәжбен бас тартылған.

Адам ұрлау және бопсалау фактісі бойынша іс қаралды

01/03/2024

         №3911-23-00-1/320 ІС

 

Қостанай қаласының №2 сотында пайдакүнемдік сипатта адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы қару ретінде заттарды пайдалана отырып, адамды ұрлау (ҚК 125-б. 2-б. 1,4,8 т.; 194-б. 3-б. 2-т), сондай-ақ iрi мөлшерде мүлiктi алу мақсатында қорқытып алу, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы беруді талап ету (ҚК 194-б. 3-б. 2-т.) фактісі бойынша К., С. және Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталды:

Беттер