«Адам өлтірдім» деп қалжыңдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қостанай облысы Жітіқара ауданының 1982 жылы туылған тұрғыны қалжыңдаудың қисық жолын таңдаған. Ағымдағы жылдың 15 қазанында азамат Б. алкогольден мастық күйінде аудандық ішкі істер бөліміне телефон шалып, екі адамды өлтіргенін хабарлаған.

Іс материалдары бойынша, жауапкер Б. Жітіқара қ. ІІБ-не жалған шақыру жасаған. Нәтижесінде екі полиция қызметкерінің жұмыс уақыты шығындалып, қызметтік көлікті пайдаланған. Аталған құқықбұзушылығы үшін жігітке айыппұл салынды. Мемлекетке келген шығын 6520 теңгені құраған.

 Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы ІІБ Б-ға шығынды өндіру туралы талап арызы толық қанағаттандырылып, мемлекет пайдағына жауапкерден 6520 теңге өндірілді.  

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Жітіқара саудандық соты