Анасына дөрекілік көрсеткен 56 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1960 жылы туған азамат Г-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде сағат 18.00 шамасында Қостанай қаласында азамат Г. өз үйінде жанжал шығарып, қартайған анасына балағат сөздер айтып тіл тигізіп, күш көрсетумен қорқытқан. Ол анасымен бірге тұрады және ішімдікке әуес. 

Азамат Г. соңғы бір жыл ішінде ҚР ӘҚБтК 73 бабы 2 бөлігі бойынша екінші рет құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат Г.  ҚР ӘҚБтК 73 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.  

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі