әкімшілік жауапкершілік

Автокөлікті мас күйінде жүргізген Ұзынкөл ауданының тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынды

16/01/2017

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша айыпталған (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқаруы) 42 жастағы азамат С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында сағат 10 шамасында Ұзынкөл ауданының Тайсоған ауылында жүргізуші куәлігі жоқ С. «ВАЗ-21100»  автокөлігін мас күйінде басқарған.

Сот қаулысымен азамат С. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Жұбайына тіл тигізген Қостанай тұрғыны үш тәулікке қамалды

09/12/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі  бойынша азамат П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

5 желтоқсанда сағат 16.00 шамасында азамат П. Қонай ауылында өз үйінде жанжал шығарып, отбасының берекетін кетіріп, жұбайын балағаттаған. Бұл әреке соңғы бір жылда екінші рет қайталанған. 

 Сот отырысы барысында П. өз айыбын мойындап, өкінетіндігін білдірген.

Сот қауылысымен азамат П. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш күнге әкімшілік қамауға алынды.

Қамысты ауданында екі баланың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/11/2016

Өзінің 8 жастағы ұлы мен 6 айлық қызына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармай, жас балаларының тәрбиесі мен оқуына жөнді көңіл бөлмеген Қамысты ауданының тұрғыны Ш. әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 14.30 шамасында Қамысты ауданының Бестөбе ауылында екі баланың анасы өзімен бірге тұратын еркекпен үйінде мас күйінде болған.Осы әрекетімен ол ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1 бөлігімен қарастырылған  әкімшілік құық бұзушылыққа жол берген.

Қостанай облысында электрошокер тасымалдаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/11/2016

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында 28 жастағы В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Осы жылдың 29 қазанында сағат кешкі 9 шамасында "Обаған Авто" ОТРК аумағында Ресей Федерациясының азаматы В. ұсталған. Тексеру кезінде оның «Daewoo-Matiz» автокөлігінің ішінен тіркелмеген және тасымалдауға ІІБ-нен  рұқсат қағазын алмаған электрошокер табылған.

Анасына тіл тигізіп күш қолдану қатерімен қорқытқан Қостанайдың тұрғыны 30 тәулікке қамауға алынды

26/05/2016

Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК 73 бабы 2 бөлігі бойынша 1979 жылы туған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Қостанай қаласында тұратын азамат А. ағымдағы жылдың 24 сәуірінде сағат 23.00 шамасында мас болып, үйінде жанжал шығарған. Анасына балағат сөздер айтып тіл тигізіп, күш қолданумен қорқытқан. Азамат бұл әрекетін бір жыл ішінде қайта қайталаған. 

Сот әкімшілік құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 30 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. 

Анасына дөрекілік көрсеткен 56 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды

27/04/2016

Бүгін Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1960 жылы туған азамат Г-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде сағат 18.00 шамасында Қостанай қаласында азамат Г. өз үйінде жанжал шығарып, қартайған анасына балағат сөздер айтып тіл тигізіп, күш көрсетумен қорқытқан. Ол анасымен бірге тұрады және ішімдікке әуес. 

Азамат Г. соңғы бір жыл ішінде ҚР ӘҚБтК 73 бабы 2 бөлігі бойынша екінші рет құқық бұзушылық жасаған.

Қостанай облысында ауылшаруашылық кәсіпорын директоры екі тәулікке қамаққа алынды

25/03/2016

Қостанай облыстық соты «Сана Агро» ЖШС директорв болып табылатын азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс материалдарын қарады.

ЖШС директоры еңбек туралы заңнаманың бұзылу фактісін жою туралы Қарабалық аудандық прокуратурасының нұсқамасыжолданған. Нақтырақ – «Сана Агро» ЖШС жұмыскерлеріне 2015 жылдың желтоқсан айындағы еңбекақы бойынша  – 6,771 млн. теңге қарызды ағымдағы жылдың 28 қаңтарына дейін төлеуге шара қолдану туралы нұсқаулықты орындамаған.

Баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген Қостанай облысының тұрғынына айыппұл салынды

19/02/2016

Қостанай облысының Қамысты ауданының тұрғыны 2008 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған баласының тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлмей, ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматша К-ның ұлы соңғы үш айда нақты себепсіз мектепке бармаған.

Қамысты ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-тің 127 бабы 1 бөлігі бойынша (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  айыпты деп танылып, оған 7 АЕК көлемінде (15 000 теңге) айыппұл салынды.

Полиция қызметкеріне пара бергені үшін көлік жүргізушісіне 400 мың теңгеге айыппұл салынды

12/02/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) 19 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Өткен жылдың 25 желтоқсанында сағат 16.30 шамасында Қостанай қаласының орталық базары маңында  сұр түсті  «Лифан-214813» автокөлігінің тұраққа рұқсат берілмеген жерде, яғни қоғамдық автокөлік тоқтайтын орында  тоқтағаны анықталған. Осылайша, көлік иесі ол ҚР ӘҚБтК 597 бабы 1 бөлігі бойынша көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуған.

Жол полициясы қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талабынорындамаған жүргізуші 4 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

14/01/2016

Меңдіқара аудандық соты 32 жастағы аудан тұрғынын 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарды. Ер адам алкоголдік мас күйінде көлік жүргізгенімен қоймай  жол полициясы қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын орындамаған.

Беттер