Автокөлікті мас күйінде жүргізген Ұзынкөл ауданының тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша айыпталған (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқаруы) 42 жастағы азамат С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында сағат 10 шамасында Ұзынкөл ауданының Тайсоған ауылында жүргізуші куәлігі жоқ С. «ВАЗ-21100»  автокөлігін мас күйінде басқарған.

Сот қаулысымен азамат С. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі