Арқалықта сот екі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім баланың анасын жұмысқа қайта алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Арқалық қаласының тұрғыны «Арқалық жылу энергия компаниясы» МКК-ға жұмысқа қайта алу мен мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру туралыарызымен сотқа жүгінді.Аталған ұйымда ол 16 жыл жұмыс істеген. Әйелекі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрып, оларды жалғыз өзі тәрбиелеуде.Балаларының бірі мүгедек.

20 қаңтардан 25 ақпанға дейінкезекті еңбек демалысында болған.Жұмысқа шыққанда оған келесі күні техника қауіпсіздігі бойынша емтихан тапсыру керектігін айтқан. Дайын болмағандықтан және балалары ауырғандықтан оны жұмысшы тапсыра алмаған.Емтиханды 16 наурызда қайта тапсырған. Алайда, сол сәтте басшылық ана ретінде оған ыңғайсыз етіп, жұмыс кестесін ауыстырып қойған. Балалары қайтадан ауырып қалғандықтан жаңа кесте бойынша әйел жұмысқа шыға алмаған. Кейін пошта арқылы жұмыстан шығару туралы бұйрық келген.

 Басшылықтың әділсіз қарауына келіспей, азаматша бастапқыда өз құқығын қорғауда кәсіподақ комитетіне, содан соң сотқа жүгінген.

 Арқалық қалалық соты, барлық мән-жайды ескере,азаматша Ж.-ның жұмыстан шығаруын негізсіз деп тапты.Біріншіден, ол емтихан туралы ескертілмеген, екіншіден жұмыс беруші жұмысшының келісімінсізжұмыс кестесін өзгерткен, үшіншіден хабарлама жасамай жұмыстан шығарған.

Сот еңбек заңының бұзылғанына жүгіне, азаматшаның жұмыстан босатылуын заңсыз деп таныды. Сот шешімімен азаматша Ж. бұрынғы қызметіне «Арқалық жылу энергия компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға жұмысқа қайта алынды.

Сондай-ақ оның пайдасынакәсіпорыннан мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін наурыздан осы уақытқа дейін 397 мың теңге сомасында 4 айғажалақы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі