Арқалықта жылу энерго компаниясы мен тұтынушы арасындағы дау медиация тәртібінде шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

"Арқалық жылу энерго компаниясы" МКК-ы азаматша К-дан шаруашылық-ауыз су пайдаланғаны үшін 27 000 теңге қарызды өндіру туралы шағымымен қалалық сотқа жүгінген. 

Істі қарауға дайындық кезінде тараптар істі бітімгершілікке келу арқылы шешуге ниеттерін білдіріп, судья медиация рәсімін өткізіп, тараптар арасында өзара тиімді шарт негізінде медиативтік келісім жасалды.

Сот бекіткен келісім шарттарын сәйкес, Арқалық жылу компаниясының өкілі өз шағымынен бас тартады, ал азаматша К. қарыз соммасын төлейді.

Тараптар келісіміне сай іс өндірістен тоқтатылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі